Материалдық-техникалық база

«Инженерлік жүйелер және желілер» кафедрасы негізінен кіші оқу ғимараты (КОК) қызмет көрсетеді. КОК 213 – кафедра меңгерушісінің кабинеті – 16м2, КОК 206 – оқытушылар бөлмесі – 48 м2, әрбір оқытушының өзіндік жұмыс орны бар. Оқу бөлмелерiнiң бір студентке шаққандағы жалпы ауданы 6 м2 шамасында. Инженерлік жүйелер және желілер мамандығы бойынша мамандарды дайындаудың материалды-техникалық базасы құрылыс мөлшері мен ережесінің (ҚНжЕ) талаптарына сәйкес келеді.

     

ИЖжЖ кафедрасына бекітілген:

МУК 206 - компьютерлік класс – 32м2, ортақ пайдалану үшін.

МУК 214- интерактивті тақтасы және мультимедиа техникасы бар дәрiс залы, ортақ пайдалану, ортақ пайдалану үшін.

МУК 207- «Су химиясы және микробиологии» зертханасы – 34м2, 60% зертханалық жабдықтармен жабдықталған, ортақ пайдалану үшін;

МУК Ц2- «Жылыту» «Желдету және газбен қамту» зертханасы - 34м2, 90% жабдықтармен жарақталған, ортақ пайдалану үшін;

МУК Ц5- «Сумен жабдықтау және канализация» зертханасы - 48м2, 75 % жабдықтармен жарақталған, ортақ пайдалану үшін;

МУК Ц7 - «Жылу техникасы» және «ЖӨҚ» зертханасы - 34м2, 45% жабдықтармен жарақталған, ортақ пайдалану үшін;

МУК Ц6 - «Гидравлика және сорғыштар» зертханасы - 18м2, 80% жабдықтармен жарақталған, ортақ пайдалану үшін. Зертханалар мен мамандандырылған оқу бөлмесінің жалпы ауданы 212 м3 құрайды.

Әрбір зертхана бойынша паспорт құрылған және техникаға және өртке қарсы журналдар бар.

Наверх