Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра ғылыми-зерттеу және жобалау институттарымен тығыз байланыс жүргізеді. Сонымен қатар құрылыс саласындағы мекемелермен, кәсіпорындарымен КазНИИССА, KAZGOR, сондай-ақ шетел жоғары оқу орындарымен, Краков технологиялық университеті, Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университеті және тағы басқалармен қарым қатынас жасайды.
     

Магистранттарды халықаралық стандарттарға сай оқыту үшін оларды құрылыс саласындағы заңдармен, стандарттармен, нормалармен және техникалық реттеумен таныстырылады, ол үшін магистратураға KAZGOR мамандары шақырылады.
     

Мамандық студенттері жазғы кәсіби тәжірибені КазНИИССА, Алматыгорстрой, Нико және басқа да құрылыс компанияларының негізінде өткізеді.
   

ҚазҰТЗУ-да «Құрылыс» мамандығы бойынша кітапханалық қор ашылды. Өз студенттерін оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету үшін кафедра оқытушылары кітапхана қорын жыл сайын толықтырады.
   

ҚазҰТЗУ-да «Құрылыс» мамандығы бойынша кітапханалық қор ашылды. Өз студенттерін оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету үшін кафедра оқытушылары кітапхана қорын жыл сайын толықтырады.
   

Дипломдық және курстық жобалау кабинеті техникалық оқу құралдарымен жабдықталған. Осыған байланысты студенттерінің оқу жұмысына, олардың өсуіне жағдайлар туғызылған.
   

Кафедра оқытушылары екі тіл меңгерген, екі тілде сабақтар жүргізеді – мемлекеттік және орыс тілінде. Мемлекеттік тіл бірінші орынға қойылған.
   

Құрылыс және сәулет институтының спорт түрлері бойынша негізгі құрамы командалар «Құрылыс» кафедрасының оқытушыларынан тұрады. Олардың арқасында институт жыл сайын ҚазҰТЗУ командаларының жалпы тізімінен алдыңғы орын алады.
     

Кафедра оқытушылары жыл сайын студенттерімен бірге көркем өнерпаздар сайысына қатысады. Осыдан басқа өз біліктілік және кәсіби деңгейлерін жетілдіреді.

Наверх