Ғылыми-зерттеу жұмысы

«Сәулет» кафедрасының  профессорлік-оқытушы құрамының ғылыми-теориалық және практикалық тақырыптары,Қазақстан республикасының сәулет-құрылыс ғылымының  өзекті ағымынында жүргізіледі.

 

Ғылыми жұмыс бағыттарының бірі «Теория және сәулет тарихы»болып табылады. Мәселен, сәулет докторы, профессор,Шығыс елдер Халықаралық академиясының академигі(ШЕХАА)Орталық Азия елдерінің сәулет тарихын белгілі білушісі болып табылады. Ол өз оқушыларымен бірге,Қазақстан (Қазақстан сәулетінің эволюциясы), Өзбекстан және т.б. елдердің  сәулет мұраларын зерттеуін жемісті жүргізген

 

Осы арнада сәулет докторы Тұрғанбаева Л.Р. жұмыс істейді, қазақ үй генезисімен айналысады. Оның жұмыстары тарихшылар,этнографтар және өнертанушылардыңқызығушылығын туғызады. Оны үлгі тұтып кафедрада жас ғалымдар қызығушылық танытады, мысалы сәулет кандидаты Цой В.Г. Қазақстан аумағындағы православты шіркеулер жайлы диссертациясын қорғаған.

 

Кафедра ғылыми қызығушылық тудыратын ең бір қызықты тақырыптары, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда энерготиімді және технологиялық шешімдер: 2014 -2016 жылдар аралығында ҒЗЖ тақырыбы – «Қазақстан Республикасында "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасына сәйкес көпқабатты  энерготиімді технологиялық шешімдерді еңгізу және жаңарту», ғылыми жетекшісі Кұспанғалиев Б.О.  сәулет докторы, профессор.

 

Сәулет докторы,профессор (ШЕХАА) академигі Құспағалиев Б.О. республикада белгілі жоғары білікті маман, тұрғын үй және ұлттық сәулет мамандығында ғалым.

 

Құспанғалиев Б.О. Алматы сәулет-құрылыс институтының (АСҚИ) құрылу және қалыптасуының ұйымдастырушыларының бірі, 23 жыл бойы кешкі-сырттай білім беру проректоры,оқұ ісі жөніндегі проректор және бірінші проректор болып қызмет атқарды.Оның жетекшілігімен АСҚИ одақтық аккредетациядан өтті.

 

2003 жылы Құспанғалиев Б.О.  Қ.И. Сәтпаев атындағы  ҚазҰТУ сәулет мамандығының қайтадан өрлеуінің негізін салушы. Ғылыми-педогогикалық қызмет жылдарында,оның тікелей басшылығымен 1500-ден астам сәулетші дайындалып және бірқатар мемлекеттік және республикалық сыйлықтарға ие. Оның елуден астам ғылыми мақалалары жарық көрді, «Қазақстан тұрғын үй сәулеті» монографиясы,докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғаған  3 докторант және 8 аспирант дайындады.

 

2003 жылы профессор Құспанғалиев Б.О. төрағалығымен алғашқы кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі кеңес ашылып, Қазақстандықтармен бірге басқа елден (Қырғызстан,Йемен) ізденушілер қорғанды. 2008 жылы қайта құрылған ҚазҰТУ кеңес, сондай-ақ профессор Құспанғалиев Б.О. төрағалығымен, докторлық және кандидаттық  диссертацияларды сәулет бойынша ғана емес (18.00.01 мамандығы- Сәулет теориясы және тарихы, тарихи-сәулет мұраны  қайтақұру және қайтаөрлендіру), сонымен қатар инженерлік геометрия және компьютерлік графикадан.

 

2008-2010 жылдар аралығында, 29 көпшілік алдында қорғау өткізілді,олардың ішінде: 2 сәулет докторын алу үшін, 20 сәулет кандидаты, 1 педагогика ғылымдарының кандидаты, 1 педагогика ғылымдарының кандидаты, 5 техникалық ғылым кандидаты.Аспиранттарды қорғауға дайындаған неғұрлым белсенді ғылыми жетекшілер сәулет докторлары: И.М.Азимов, А.Ж.Әбілов, Б.А.Глаудинов, Б.О.Құспанғалиев, А.А.Корнилова және т.б.

 

Сонымен қатар Б.О. Құспанғалиевғылыми жұмыс және оқу ұйымдастырушылық, үнемі бас жобалаушы жобалық тәжірібиемен айналысады. Оның аркасында Қазақстан инвестициялық нарығында ірі Оңтүстік Корея құрылыс компаниялары пайда болды: бірлескен жұмыс нәтижесінде Астана каласында 8 мың тұрғынға арналған «Highvill» көпфункционалды тұрғын үйі жобаланып салынған және «УРИМ» компаниясымен Алматы қаласында 12000 тұрғынға арналған «Apple Town» көпфункционалды тұрғын үй жобаланып салынып жатыр, ол  2003-2006 жылғы Республикалық үздік архитектуралық туындылар конкурсында  Қазақстан Республакасы сәулетшілер одағының «Сәулет.Жоба» номинациясын жеңіп алған.

 

Құспанғалиев Б.У. студенттермен оқытушылардың арасында ғана емес,шетел және республика сәулет қоғамының арасындада үлкен беделге ие. 2011 жылы ол Халықаралық Сәулет академиясының Қазақстандағы орталығынің төрағасы болып сайланған.

 

Қазақстан Республикасында сәулет өнерінің көпсалалы проблемаларын теориялық зерттеуімен Ибраев Б.А., сәулет кандидаты Майоров С.М. және Лебедева С.Н. айналысады. Олар сәулет саласында теория және практикасында беделді танылатын сәулетшілер.

 

Сәулет докторы, профессор, ШЕСАА академигі Әбілов А.Ж. құлақұру теориясының маманы. Ол көптеген ғылыми зерттеулердің авторы: «Қазақстан республикасы инновациялық экономика әлеует жағдайында сәулет және қалақұруының тұрақты дамуы», «Қазақстан Республикасында қала агломерацияларының сәулет-жобалық,экологиялық және қоғамдық-экономикалық даму негіздері», «Қазақстан Республикасы сәулет-жобалық, көлемдік-кеңістік және инфрақұрылымдық объектілер есебінен ішкі туризмді бәсеке қабілетін арттыру».Бұл жұмыстардың бәрі Алматы, Шымкент, Талдықаоған және оның аймағына  нақты практикалық еңгізуге арналған. Мәселен, қала маңының бас жоспары Әбілов А.Ж. жетекшілігімен орындалған,ол Қазақстан қала құрылысшылар одағы және қала және облыс басшылығымен бағаланған.

 

Кафедра Сәулетшілер одағынан,Қалақұрылысшылар одағынан  және  Дизайнерлер одағынан халықаралық және республикалық конкурстарда сарапшы,кеңесші және қатысушалар ретінде  көптеген алғыс алған.Кафедраның барлық мүшелері отандық және шетелдік басылымдарда ғылыми және ғылыми-әдістемелік шығарылымдарда жарияланады, Қазақстандық және халықаралық форум мен конференцияларда семинарларда, және біліктілікті арттыру курстарына  тұрақты түрде қатысады.

 

«Сәулет» кафедрасының ғалым оқытушылары көптеген әдістемелік ңұсқаулар және оқу құралдарын жасаған, ол  Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ кітапхана қорына енген.

 

2013 жылы күзде Алматы қаласында Т.К. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының «Сәулет» кафедрасы Халықаралық Сәулет академиясының Қазақстандағы академиялық орталығы (ХСАҚА) және Қазақстан республикасының Сәулетшілер одағымен (ҚР СО) бірігіп  ұйымдастырушы және қатысушы ретінде «Халықаралық Қазақстан сәулет фестивалі» өткізді.

Наверх