Кафедра туралы

Қ.И Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Сәулет» кафедрасы В.И Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының, білім беу тарихы 55 жыл қамтитын сәулет факультетінің дәстүрлі ізбасары болып табылады.

 

1961 жылы көрнекті қазақ ғалым-сәулетшісі және республика қайраткері Төлеу Құлшаманұлы Бәсеновтың бастамасымен «Сәулет»  мамандығына құрылыс факультетінің құрамында алғашқы қабылдау жүзеге асырылды, «Қалақұрылыс» кафедрасы құрылды. 1966 жылы, «Қалақұрылыс» және «Сызба геометрия» кафедраларының негізінде сәулет факультеті құрылып, бірінші деканы А.Д. Кузютин болды.

 

Кафедра саны үнемі көбейетін,1967 жылы Казақ кеңестік социалистік республикасының еңбек сіңірген сәулетшісінің басшылығымен  «Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың сәулеті» кафедрасы ашылды.

 

1972 ж.– көрнекті сәулетші, ғалым,республиканың еңбек сінірген сіулетшісі М.М Мендіқұловтың басшылығымен«Сәулет тарихы мен сәулетті жобалау» кафедрасының негізі қаланды,1977 жылы сәулет факультетінің соңғы  «Сурет» кафедрасы құрылды,   Қазақ  КСР-нің халық өнершісі М.С. Кенбай меңгерушісі болды , 1978 жылы  сәулет факультетінің соңғы бөлімі «Сәулет теориясы мен тарихы»  құрылды.ҚазПТИ сәулет факультетінің кейінгі декандары  мынадай ұлы оқытушылар Ю.В. Круглов, Б.А. Глаудинов, Р.А. Сейдалин, М.Р. Избасарова, Э.И. Цой және т.б. болды.

 

ҚазПТИ сәулет факультетінің түлектерінің арасында-Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде кеңінен шығармашылықтарымен белгілі, Қазақстан Республикасының мақтанышы болып табылады: Қазақстан жалғыз КСРО Халық сәулетшісі К.Ж. Монтахаев, Министрлер сыйлығының лауреаты  Жандаулетов М., Қазақстан Республикасының еңбек сінірген сәулетшісі Ералиев Т.Е., Алматы қаласының екі бас сәулетшісі Баймағамбетов С.К. және Фазылов С.А., ҚР қалақұрушылар одағының президенті Нысанбаева С.К., ҚР дизайнерлер одағының президенті Сулейменов Т.Б., Туякбаева Б.Т. және т.б.

 

Қазақ ұлттық техникалық университетінің қабырғасында 2004 жылы Қазақ политехникалық институтын, сәулет факультетінің мақтан дәстүрлерін жалғастыра отырып, үзілістен кейін Қ.И. Сәтпаев қайтадан сәулетшілер дайындау басталды. Университет (26.04.2004 жылы Қазақстан Республикасы ғылым министрлігі №361 бұйрығымен) Сәулет бакалавр және даярлау үшін АА №0000004 мемлекеттік лицензиясын алды.

 

Жаңадан құрылған «Құрылыс және сәулет»(кейіннен «Сәулет және дизайн» және «Сәулет » кафедрасы деп ауыстырылған) сол жылы сәулетші студенттерінің алғышқы қабылдауы болды. Кафедра меңгерушісі сәулет докторы, Халықаралық Шығыс мемлекеттер академиясының академигі, профессор Азимов Искандер Мухтарович тағайындалды, жаңартылған «Сәулет» және «Дизайн»сәулет мектебіне үлкен үлес қосқан.

 

2014 және 2016 жылдар аралығында кафедраны менгерушісі сәулет докторы,профессор, ХШМСА академигі, Халықаралық сәулет академиясының Қазақстандағы орталығының президенті Құспанғалиев Болат Орайханұлы, 2016 жылдын тамызынан Т.Қ. Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институтының директоры.

 

2011 жылдың қазан айында, «Сәулет» кафедрасы Қазақстандағы сәулет білімінің құрылғанына 50 жыл толуын атап өтті. Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде(ҚазҰТЗУ) Қазақстанда сәулет білімінің  құрылғанына себепті «Кәзіргі әлемдегі сәулет білімі: мәселелерімен келешегі» аттыХалықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға  Ресей,Азербайжан,Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның сәулетшілері,ұйым басқарушылары,профессорлар, кафедра меңгерушілері,  сәулетшілер одақ президенттері, ҚазҰТУ профессорлік-оқытушы құрамы және мамандары қатысты.

 

Конференцияның негізгі нәтижесі жоғары білікті кадрларды даярлау ең тиімді саясатын әзірлеу үшін, сондай-ақ сәулетші және дизайнер мамандығының беделін көтеру жөніндегі күш-жігерін үйлестіру мақсатында ТМД елдерінің мектептер мен қоғамдық ұйымдардың арасындағы Консорциум құру болды.

 

2013 жылы Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры академик Адилов Ж.М. және «Сәулет» кафедра профессорлар белсенді қатысуымен Алматы қаласында  Қазақстан сәулет фестивалі, сонымен қатар 2013 жылғы  МАСА үздік проект(құрылған) ХХI  Халықаралық конкурс-байқауы өткізілді.

 

2014 жылы Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ үшін ғана емес және «Сәулет» кафедрасының бірінші 10-жылдық мерейтойы атап өтті.

 

2016 жылы Желтоқсанда сәулет кафедрасының белсенді қатысуымен, Қазақстан сәулетшілер одағымен қоса Қазақстан Республикасының 25 жылдығы, Қазақстан сәулетшілер одағының 80- жылдығы, КР сәулет білімінің 55 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай үздік сәулет туындысы конкурсы өткізілді.    

 

«Сәулет» және «Дизайн» арнайы пәндерін оқыту үшін шығармашылық жұмыста  мол тәжірібиелі жоғары білікті оқытушылар, суретшілер және дизайнерлер жиналған . Кафедрада жоғары білікті педагогикалық ұжым ғана емес ғылыми дәрежелер мен атақтары бар, сондай-ақ, практикалық, шығармашылық және ғылыми іс-тәжірибе расталатын мамандар жиналған.

 

Кафедрада құрылғаннан бері белгілі сәулетшілер үлкен ғылыми-падагогикалық тәжірібиесі бар: Сәулет докторы, профессор, ХШМСА академигі Құспанғалиев Б.О., Сәулет докторы,  профессор, ХШМСА академигі Абилов А.Ж., Сәулет докторы, проф. Тұрғанбаева Л.Р., аға оқытушы Лебедева С.Н., аға оқытушы  Тюребаева К.И. және т.б. жиналған.

 

Казіргі уақытта кафедра профессорлік-оқытушы құрамында тәжірибесі мол белгілі  сәулетшиілерімен толтырылды- Ибраев Б.А., Майоров С.М., Таханов Ж.М., Шакербай Б.Х. және т.б.

 

Бүгінгі танда кафедра келесі мамандықтар бойынша дайындық жүргізеді:5В042000  «Сәулет» және5В042100«Дизайн». Оқыту бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Толық уақытты және қашықтықтан оқыту ұсынады, сәулет және дизайн профильді колледж түлектеріне арналған жедел оқу бағдарламалары бар.

 

Оқу барысында кафедра студенттері шетелдік лекторлар  мастер-класстарына және лекцияларына қатысуына мүмкіндіктері бар,олар: проф. Альфред Майерс (AlfredMeyers), проф. ИтлуиЭйстенссон (IllugiEysteinsson), Филипе Пик-Агилера (FelipePich-Aguilera), ТересаБатллэ (TeresaBatlle), Марко Сальваторэ (MarcoSalvatore), Филипп Мойзер (PhilippMeuser)және т.б.

Наверх