Институт туралы

Тарихы

Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын Қазақ тау-металлургия институтында (ҚазТМИ) республиканың құрылыс саласына мамандықтар дайындау басталды. 1957 жылы тау-кен факультетіне «Өнеркәсіптік азаматтық құрылыс» (ӨАҚ) мамандығына алғаш қабылдау жүргізілді.  Құрылыс мамандығына талапкерлердің саны көбейді: 1957 жылы - 57, 1958 жылы – 75, 1959 жылы – 100 студент, және т.б.


Құрылыс мамандығыны пәні бойынша оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін 1959 жылдың ақпан айында «Құрылыстық жұмыс» кафедрасы құрылды – кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Б.С.Жармагамбетов. 1961 жылы Қазақ политехникалық институтының (1960 жылдан бастап ҚазПТИ) тау-кен факультетінің құрамынан инженерлік-құрылыстық факультет (ИҚФ) бөлініп шықты, факультет декані болып т.ғ.к., доцент М.М.Сердюков тағайындалды. 


Инженер-құрылысшы мамандығы бойынша алғашқы мамандар 1962 жылдың маусым айында шығарылды. Құрылыс мамандықтары бойынша білімнің дамуына көп ықпалын тигізгендер алғашқы түлектер – техникалық ғылым докторлары мен кандидаттары Т.Ж.Акбердин, М.А.Ашимбаев, А.А.Беспаев, П.В.Корольков, М.М.Сабалаков, А.Ш.Татыгулов.  Көптеген түлектер белгілі ғалымдар, ірі ғылыми және жобалаушы институттардың, републикалық және одақтық құрылыстық мекемелердің  жетекшілері, министрлер, қалалық және облыстық акимат басшылары болып қызмет атқарады. Түлектердің бір қатары ҚР-ның еңбегі сіңген құрылысшылары мен архитекторлары, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары болып келеді.  


1980 жылы ҚазПТИ-ның инженерлік-құрылыстық, сәулет және санитарлы-техникалық факультеттері және Бүкілодақтық инженерлік-құрылыстық институт (БОИҚИ) негізінде 3000 студенттен астам контингенті бар Алматылық архитектура-құрылыс институты (ААҚИ) құрылды және профессорлық-оқытушылық құрамның арқасында 1988 жылы Қазақ Мемлекеттік Архитекторлы-құрылыс институтына айналды, 2002 жылы жеке жоғары оқу орны болды. 


Сәулет-құрылыс мамандығының үздік оқытушылары М.М.Мырзахметов, Г.А.Ветлугина, А.Ф.Кацович, К.М.Нурпеисова, Умбетова Ш.М., Алимова К.К., С.Б.Турсунова, Б.У.Куспангалиев, Б.Х.Шакербай, С.Н.Лебедева, К.И.Тюребаева және т.б. 2004 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-не қайта келіп, сәулет-құрылыс бағыты бойынша мамандықтарды дайындықты жаңғыртты.

 
ҚазПТИ-ның инженерлік-құрылыстық және сәулет факультеті өзінің көп жылдық тарихы кезінде Қазақстан және ТМД елдері үшін жоғары білікті инженер-құрылысшылар мен архитекторларды дайындауға үлкен үлес қосты. 


ҚазПТИ-ның инженерлік-құрылыстық және сәулет факультетінің үздік түлектері: 
•    Бейсенов К. – Мажилис парламентінің депутаты, техникалық ғылымдардың докторы, профессор;
•    Кушербаев К.А.- Маңғыстау облысының әкімі;
•    Адилов Ж.М. – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің ректоры, экономикалық ғылымдар докторы, профессор;
•    Татыгулов А.Ш. – «КазГОР» жоба академиясының президенті;
•    Ашимбаев М.У.-  ҚазСҚАҒЗИ-ның бас директорі;
•    Дембай С.С. – сауда және индустрия минстрлігінің құрылыстық және тұрмыстық шаруашылық Комитетінің төрағасының орынбасары, ҚР-ның еңбек сіңірген архитекторы, Қазақстанның Лениндік комсомолы сыйлығының лауреаты;
•    Монтахаев К.Ж. – КСРО-ның халықтық архитекторы;
•    Баймагамбетов С.К. – Алматы қаласының бас архитекторы, ҚР-ның еңбек сіңірген архитекторы;
•    Фазылов С.А. – Алматы қаласының бас архитекторы, ҚР-ның еңбек сіңірген архитекторы;


2006 жылы Экология – экономика институты негізінде «Құрылыс және экология» институты құрылды. 2007 жылы «Құрылыс және экология» институты «Құрылыс, сәулет және экология» институты болып атын өзгертті, ал 2008 жылы Т.К.Бәсенов атындағы «Сәулет және құрылыс» институтына өзгертілді. 


ҚазҰТУ құрамындағы бұл құрылымдық бөліктерді әртүрлі жылдары М.М.Мырзахметов – т.ғ.д., профессор, ҚР ҰИА және ҚР ХИА академигі, О.А. Исаков – т.ғ.д., құрылыс және архитектура профессоры, И.Н.Дюсембаев - т.ғ.д., профессор басқарды.
 

architecture

 

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің Т.К.Бәсенов атындағы Сәулет және Құрылыс институтының директоры болып архитектура докторы, профессор, МААМ академигі, құрметті архитектор Куспангалиев Болат  Урайханович тағайындалды. 


1969 жылы Ташкент политехникалық институтын «Сәулет» мамандығы бойынша бітірді. 1969 жылдан бастап – бас архитектор, Алматы қалалық атқарушы комитетінде архитектура-жоспарлау бөлімінің басшысы. 1973 жылдан бастап – тұрғын үйлерді эксперименттік жобалау орталық ғылыми-зерттеу және жобалау институтының аспиранты (Мәскеу қаласы). 1977 жылдан бастап – оқытушы, В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының архитектура факультетінің декан орынбасары. 1981 жылдан 1990 жылға дейін – кешкі-сырттай білім беру бойынша проректор, 1990-2003 жылдарда оқу бөлімі бойынша проректор, АСҚИ – ҚазБСҚА-ның (Қазақ бас сәулет құрылыс академиясы) бірінші проректоры. 2000 жылы докторлық диссертацияны қорғады. 


Проректор болып жұмыс істеген 23 жылда профессор Куспангалиев Б.У. Қазақстанның жоғары мектебінің құрметті ұйымдастырушысы болды, осы жұмысы үшін бірнеше рет алғыс хаттарын, мадақтау қағаздарын мен ҚР-ның ғылым және білім министрлігінің медальдарымен   марапатталды. 2002 жылы оның басқаруымен Қазақстан тарихындағы бірінші 18.00.01. – «Сәулет теориясы және тарихы, жаңғырту және тарихи-архитектуралық мұраларды қалпына келтіру» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесі құрылды.  2002 жылдан 2010 жыл аралығында Кеңесте 16 кандидат пен 2 архитектура докторы қорғалып, ЖАК бекітілуін алды.


Ол ғылыми журналдар мен жинақтарда  80-нен астам мақалаларды жарыққа шығарды. «Қазақстанның қалалық тұрғын үй архитектурасы» Алматы қ., 2000 ж. монографиясының авторы. 


2011 жылы МААМ академигі Куспангалиев Б.У. халықаралық архитектор академиясының Қазақ академиялық орталығының төрағасы.


Оның басқаруымен және қатысуымен 20-дан астам ірі жұмстар атқарылды, соның ішінде Астана қаласындағы «Хайвилл Астана» («HighvillAstana») көпфункциональді тұрғын-үй комплексі, Астана қаласындағы «Белый Лайнер» мейманханалық-әкімшілік тұрғын-үй комплексі, Алматы қаласындағы 2003-2006 жылдарындағы үздік архитекторлық туындылардың Республикалық байқауында «Архитектура. Жоба» номинациясында ҚР архитекторлар одағының алтын медалімен мадақталған «Алмалы Кала» ("AppleTown") көпфункциональді тұрғын-үй комплексі. 


Б:У. Куспангалиевтің ғылыми, өндірістік және ұйымдастырушылық қызметі бірнеше рет үкіметтік, ведомсволық және қоғамдық марапаттармен белгіленді: 
- Қазақстан Республикасының құрметті архитекторы;
- «Алтын Адам» ұлттық сыйлық иегері;
- «Қазақстанның архитектурасы мен жоғары мектебінің дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясында жыл адамы. 

 

Институттың мақсаттары мен мәселелері
Институттың негізгі мақсаты – ҚР халық шаруашылығы үшін архитектура-құрылыстың таңдаулы тобын даярлау. 


Осыған байланысты келесі мәселелерді шешу қажет:
•    Институттың негізгі мамандықтары бойынша ғылыми іздеу жұмыстарын оларды гранттық қаржыландыру басымдылығымен тұрақты дамыту;
•    Академиялық білімділіктің деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік беретін студенттердің сәйкесінше шарттарын құру және қамтамасыз ету, әлемдің білім беру қоғамының және елдің нормативті акттары мен стандарттарына сәйкес еңбек пен демалыстың тиімді режимін құру; 
•     Пайда болатын мәселелерге қалыпты қарауға мүмкіндік беретін тұтынушы қызметтерінің нарығын бағалаудың икемді жүйесін құру;
•    Елдің инновациялы дамуы бағытында институтттың құрылымын дамыту;
•    Жұмыс істеп тұрған ғылыми мектептерді орнықтыру және институт қызметкерлерінің кадрлық потенциалын тұрақы көтеру;
•    Ғылым мен индустрия талаптары бойынша институттың материальді-техникалық юазасын дамыту;
•    Кадрларды оқытудың 3 тілді жүйесіне біртіндеп көшу;
•    Мамандар дайындаудың үшдеңгейлі жүйесіне көшу;
•    Әлемдік білім беру кеңістігіне табысты енгізуге мүмкіндік беретін бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламасын құру;
•    Институттың халықаралық қызметін орнықтыру және кеңейту. 


Т.К.Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институтының міндеті мен стратегиясы болып қазіргі нарық пен халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдарын өндіруде және архитектура-құрылыс кешені үшін жоғарытехнологиялық және ғылымды қажетсінетін өндіріс үшін кадрларды кешенді дайындау: оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейту, студенттердің критикалық ойлау және зияткерлік-шығармашылық потенциалын дамыту, оқу үрдісінде  студенттер жауапкершілігін арттыру, студенттердің белсенді білім қызметіне оқытушылықпен біріктіру, оқытушы мен студент арасындағы өзарабайланыс, оқытушылықтың инновациялық әдістері, ынталандыратын білім беру. Институттың назары білім бері үрдісінің негізгі қорытындысы ретіндегі оқыту нәтижесінің жоғары сапалылы болуында жатыр. 
 

Наверх